«Шапағат»
Лагерь қамтитын орта
1 – 4 сыныптар
Лагерь мақсаты
Оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
1) Балаларды сауықтыру және жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
2)оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
3) ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
Өтілетін іс-шаралар
мәдени, ойын-сауық және білім беру дамыту шаралары.
Күтілетін нәтиже
1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
4.Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.