Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің деректері бойынша, білім беру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары аймағы болып тұр. Соңғы 3 жылда 687 факті тіркеліп, 226 лауазымды тұлға сотталды. Қылмыстық жауапқа тартылғандардың арасында 82 мектеп, 17 колледж директоры, 70 балабақша жетекшісі мен 29 білім беру бөлімінің басшылары бар. Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мәліметтері бойынша, жоғары оқу орындарында жалпы сомасы 14 млрд теңгеден асатын 100-ге жуық қаржы бұзушылықтар орын алды. Әлеуметтік зерттеулердің жыл сайынғы нәтижелерінде білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың қолайсыз ахуалдары көрініс табуда. «Кәсіби жас мамандар қоғамы» қоғамдық ұйымы Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстан жастарының әлеуетін арттыру, жоғары білім беру сапасына қатысты шешімдерді қабылдау процесіне қатысу» жобасы шеңберінде қазақстандық студенттер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізді. Сауалнаманың нәтижесі бойынша респонденттердің 55 пайызы ЖОО-да жемқорлықтың көріністері бар екендігін растады. Қазақстанның барлық деңгейдегі білім беру саласында әлі де болса «бағалауды сату» бар, өз еңбегімен алмаған жоғары бағаларды алу қалыпты құбылысқа айналуда. Көшіріп жазу, плагиат, сертификаттар мен дипломдарды сатып алу және басқа да ұқсас құбылыстар сапаны және еліміздің білімінің тікелей беделін төмендетеді. Бұл мемлекетіміздің беделін түсіреді, өйткені дипломның сапасы ертеңгі дәрігердің, мұғалімнің, саясаткердің, ғалымның, менеджердің және т.б. кәсіби деңгейін анықтайды. Сонымен бірге, білім беру саласы білім берудің ғана емес, сонымен қатар жастардың рухани және мәдени дамуының факторы, тәрбие процесіне де белсенді түрде қатысады. Жас және жасөспірім шағында санасы мен икемі қалыптасады. Сондықтан білім беру мекемелерінің қабырғаларында негізгі тіршілік принциптері мен адами құндылықтар қалыптасады. Балалардың мектепте, колледжде немесе университетте әділетсіздік пен алдауды көріп, жаман қасиеттер жадында қалып қоюы мүмкін. Бағалар мен дипломдар сатып алуға мүмкіндік бергеніміз – ертеңгі пара алушылар мен жемқорларды тәрбиелеу. Білім беру саласындағы академиялық әділетсіздік пен жемқорлық – ұлттық қауіпсіздіктің тікелей қатері. Сондықтан білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою негізгі міндеттердің бірі болып және мемлекетіміздің тапсырмаларын тез арада орындауды талап етуі тиіс. Осыған байланысты агенттік Алматы қаласының әкімдігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қолдауымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасын ұсынды. Жоба негізгі бес бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, білім беру саласында жұмыс істейтін адамдардың барлық санаттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру және этикалық нормаларды бұзғаны үшін мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру. Бұл – оқушылар мен студенттер, олардың ата-аналары, мұғалімдер, менеджерлер мен оқу орындарының әкімшілік қызметкерлері. Осыған байланысты, әрбiр мақсатты санатқа бөлек әдiстемелер мен оқу бағдарламалары әзiрленетiн болады. Бәріне үлгі бола алатын әдепті, сатылмайтын, зиялы, ақылды, өмірлік ұстанымы бар мұғалімдердің мәртебесін көтеру қажет. Екіншіден, білім беру ұйымдарының ашықтығы мен айқындығын арттыру, оның ішінде басқарушылық шешімдер мен ақша бөлуде шаралар қабылданатын болады. Бүгінгі таңда пилоттық білім беру ұйымдары анықталды. Олардың негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдері, шешімдер қабылдау процедуралары стандарттары мен ережелері және лицензиялау рәсімдерін енгізу әзірленіп, сынақтан өткізіледі. Үшіншіден, білім ұйымдары академиялық адалдықтың элементі болатындай оқушылар мен студенттердің академиялық мәдениетін арттыруға мүддесін ынталандыратын жағдай құру. Нақтырақ айтқанда, академиялық адалдықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді енгізу бойынша ЖОО мен мектептердің тәуелсіз рейтингілерін құру ұсынылады. Бұл өз кезегінде білім беру мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үрдістерді, білім алушылар мен оқытушылық құрамның академиялық этиканы көтеру бойынша шараларды қалыптастыру мен институттандыруда ықпалды құрал болуға тиіс. Төртінші бағыт қолданыстағы заңнамалар мен заң жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізеді. Жемқорлық тәуекелдерін бағалау, олардың таралу деңгейі нормативтік құқықтық актілердегі кемшіліктерді анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде құқық қорғау тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуге көмектеседі. Бесінші бағыт – жобаны іске асырудағы ақпараттық қолдау. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жалпы кедергі жасауда қоғамды біріктіруге қолданыстағы ақпараттық өріс жеткілікті түрде ықпал етпейді. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісін қалыптастыру бойынша жүйелі ақпараттық жұмыстар жоқ. Ғаламтор кеңістігі жеткіліксіз қамтылған. Ақпараттық және имидждік жұмыс – біржолғы науқан емес, бірақ біздің мақсатымыз бен міндеттерге жетуге бағытталған ұйымның күнделікті жұмысының бөлігі. Бөліміміздің басты міндеті – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы және мемлекеттік билік институтына деген сенімді нығайту туралы оң пікір қалыптастыру. Жобаны жүзеге асыру мерзімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты қолдайтын және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін адамдардың үлесі артады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу арқылы білім сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кластерлік формадағы жүйені құру, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы ғылыми негіздегі инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу. Қазақстанда келешекте білім берудің ұзақмерзімді жүйесі арқылы жемқорлықты жою жоспарланып отыр. Өскелең ұрпақпен жұмыстар жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан «Саналы ұрпақ» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы