Текст
Рухани жаңғыру бойынша Игілік орта мектебінің 3 оқушысы «Менің кіші Отаным» атты облыстық байқауға қатысып келді. Бұл байқау 28 наурыз айында «Звездный» сауықтыру орталығында өткізілді. Аталған байқау тарих пен әдебиет пәндерін қамтыды. Біздің мектептен 10-сынып оқушысы Сейілбек Әділхан «Жас ақындар» номинациясыбойынша І орынға ие болды.
4 сәуір Зеренді ауданының шығармашылық ұйымымен ұйымдастырылғын «Менің Отаныма деген бастамам»атты әлеуметтік аудандық жобалар сайысына 7-сыныптан 2 оқушы қатысып келді.
«Мен Қазақстанның азаматы» номинациясы бойынша Қабдіғалым Балауса І орын , «Менің бастауым-менің ауылыма» номинациясында Сапар Айболат ІІ орынға ие болды.