"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Лагерь "Шапағат" 1 сезон

14.06.2018

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз,

- деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады.. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа

толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау

алары сөзсіз. Біздің Игілік  ауылында маусым айында ашылған «Шапағат » жазғы демалыс лагері 4 маусым мен 15  маусым аралығында жұмыс жасады. Жазғы демалыс

орнында 20 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде.

Лагерь демалушыларына әртүрлі ойындар ойнатылып,тақырып бойынша тапқырлық, сөз

жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрды. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып,

тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер,

сайыстар өтеді. Тәлімгерлер

әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың

демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай

жұмсауда. «Көңілді старт», «Лагерь аруы», «Күштілер, батылдар» сайыстарына

оқушылар қызығушылықпен қатысып отырады.12 маусым-Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай  іс-шара ұйымдастырылды. Әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы

мақал-мәтел жарыстары көңілді өтті. Оқушылар ән айтып, би билеп, демалыс

лагерінің жұмысын қыздыра түсті. Балалардың көңілді демалып жатқандығы

жүздерінен көрініп тұрады.

Балалардың демалуына барлық жағдайлар жасалған. Олардың емін-еркін ойнауына

арналған арнайы алаңдар, бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық

құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Демалушылар музыкалық, спорттық,

шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға да белсене қатысты. Қайсысымен

әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, мектеп жанындағы

лагерьге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл

көтеретінін айтып мәз-мейрам болысады. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де

сәнді өтті. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан

тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар

лагерьдің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны

байқалып тұр. Осылайша “Көк тудың желбірегені ” тақырыбында өткен «Шапағат» лагері оқушылар көңілінен шықты деп үміттенемін..


Утельбаева Акбота Нуржановна

«Шапағат»

жазғы демалыс лагерінің тәлімгерлері

 

Просмотров: 268


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст