"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық талқылау

26.02.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: 

«Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы,Зеренді ауданы, Игілік ауылы, Қанай би көшесі, 12

Байланыс телефоны 8(716-32) 52-7-13

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Игілік ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ - інде 10 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2025 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер  -16, соның ішінде

электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді 11 қызмет; қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 5 қызмет.

  1. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқытуға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау — 9
  2. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау — 0
  3. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін жеткізуді қамтамасыз ету — 0
  4. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқуға рұқсат беру — 0
  5. Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау — 1
  6. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын (дубликаттарын) беру — 1
  7. Білім туралы құжаттар жөніндегі мәліметтерді өзектендіру (түзету) — 0
  8. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерінен бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысу мақсатында құжаттарды қабылдау — 0
  9. Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау — 1
  10. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Игілік ауылының ЖОББМ» КММ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Мектепке дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін кезекке қою — 3
  2. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау - 1

 

2024 жылы 23 қызмет көрсетілді;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 16 Қызмет;

көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген 7 қызмет.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.

Жалпы орта білім беру мекемелері арасындағы оқушылардың ауысуы бойынша құжаттарды қабылдау;

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша "Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтынан алуға болады http://igilik2.edu.kz/

 "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

 2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында жыл ішінде мемлекеттік орган қызметкерлері халыққа сұранысқа ие қызметтер көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізді ресми сайттарда жарияланым жасады;

 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында «Игілік ауылының ЖОББМ» КММ ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz. жүйеде 3 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады;

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 23 мемлекеттік қызмет қолжетімді;

 2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді 3 қызметкер көрсетеді;

 4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

 5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары:

2026 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Игілік ауылының жалпы білім орта беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

 

Мектеп директоры:                                  Егубаева Г.К.

Қосымша:   /public/files/2026/2/27/270226_130237_otchet-2025-kaz.docx

Просмотров: 31


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст