"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Спорт - денсаулық кепілі" атты денешынықтыру апталығы

28.10.2021

Қазан айының 18 мен 22 күндері аралығында  денешынықтырудан «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық жоспары жасалып, бекітілді. Кестеге сәйкес  денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сеитқожа Думан Ерлікұлы «Спорт ойындарындағы тактикалық іс-әрекеттер» тақырыбында 7 сыныпта, «Негізгі қабылдау техникасын үйрету» тақырыбында 5 сыныпта ашық сабақ, «Баскетбол» тақырыбында 7 сынып оқушылары арасында сабақтан тыс іс-шара және 6 сынып оқушылары арасында «Тоғызқұмалақтан» онлайн жарысы өткізілді. Тоғызқұмалақ сайысында 1 орынды Төлеу Диас, 2 орынды Сайлаубек Фархат, 3 орынды Сәлім Елдана және Байжұман Сабина белсенділік танытқаны үшін мадақтама қағазымен марапатталды. Бастауыш сынып денешынықтыру пәнінің мұғалімі Уалиев Біржан Қабдоллаұлы жоспарға сәйкес 2-4 сыныптар аралығында «Эстафеталық ойындар» тақырыбында сабақтан тыс іс –шара және 4 сыныпта «Техникасы жеңіл тапсырмалар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Апталыққа мектеп оқушылары белсенді ат салысты. Оқу ісінің меңгерушісі Хасенова Гүл Даулетханқызы, тәрбие ісінің меңгерушісі Маймышева Салима Қазиқызы және бірлестік жетекшісі Нугуманова Ұлпан Құланқызы барлық іс-шараларға қатысты.

Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст