"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы күні

15.05.2019

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген.

Бірінші кезекте, Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға  негізделген.

Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру –  басты мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Өткізіліп отырған мемлекеттік әлеуметтік саясаты қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне зор назар аударады.

Бұдан басқа, отбасы, ана, әке және бала қорғауға қамтамасыз ету, мемлекеттін демографиялық дамуы үшін жағдайды жасауға жұмыс жүргізіледі. Ол баланың тууына, оны асырауға, көп балалы отбасыларға женілдіктер және басқа.

Конституцияның 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Статистикалық мәліметтер бойынша 5 миллионнам астам еліміздің халқын балалар құрайды. Бұдан басқа, соңғы жылдары туылған балалар санының тұрақты өсу тенденциясы байқалады. Мысалға, 10 жыл бұрын республика бойынша 250 мыңнан астам бала туылды, 2009 жылы 360 мыңдай, ал 2013 жылы туған нәрестелердің саны 400 мыңнан асты.

Жыл сайын тіркелген нәрестелердің саны 2-3 % ұлғаюда. Еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, жыл сайын туылған нәрестелер санының іс жүзінде екі есеге артқаны жайлы айтуға болады. Екі-үш бала асырайтын қазақстандық отбасылардың да саны артты. Екі мыңнан астам отбасы 4 және одан да көп бала асырайды.

Сонымен қатар, жылсайын тіркелген некелердін саны ұлғаюда.

Біздің қоғамда отбасы әрқашан рухани және мәдениетті сақтаған әртүрлі ұрпақтарлы жалғасытрушы болды және болады да.

Отбасы күнін мерекелеу адамгершілік, рухани, біздің қоғамда ерлі-зайыптылықтың маңызды жауапкершілігін мойындауды нығайтуға көмектеседі.

Отанға деген махаббат отбасынан басталады. Туған шаңырағыңда алған тәрбие-бұл жалпы біздің денсаулығымыз бен келешегіміздің кепілі.

Просмотров: 402


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст