"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

15.05.2019

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.

 

Мектеп: КММ «Игілік» орта мектебі                                                                 Мерзімі:                             № 31

Сабақтың тақырыбы: Жұлдызым менің жоғары  

Құндылық: Ішкі тыныштық 

Қасиеттер: Сыпайылық, сабырлылық, ұстамдылық.

Мұғалімі:  Ережепова К.Е.

Сынып: 10           Оқушылар саны:  5

Сабақтың мақсаты: оқушылардың жақсы тілек, сенімнің қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

 - оқушыларға жақсы тілек, жақсы сөздің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру;

-  ішкі сенімдерін, бойындағы ұстанымдылығын  дамыту;

- сыпайылыққа, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

 Оқулық, дәптер, қағаз.

Сабақтың барысы: 

1.Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу.

- 5 Т- ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәті  «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуға болады. Елестетіп көріңіздер: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте шұғылана бастайды. Сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан -жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашамыз. Рахмет.

 2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықта берілген

 № 31 тақырыптағы Н.Исабековтың «Жақсылық дәні» атты өлеңін жатқа сұрау.

1. Сіздер үшін кімдер «жақсы адамдар» ?

2. Өмірде қасыңызда қандай адамның болғаны маңызды деп ойлайсыз ?

3. Сіздер жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласыздар ?

4. Өлең шумағында қандай құндылық негізге алынады ?

5. «Жақсы адамдар, сендер барда өмірдің,

      Білемін мен әділдіктен танбасын» - өлең шумақтарынан қандай қасиет көрініс табады ?

6. Ал өздеріңнің жақсылық жасаған кездеріңді естеріңе түсіріп көріңдерші. Әңгімелеп беріңдер.

Сабақ барысын талқылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өлеңді жатқа айтады.

3. Дәйексөз

«Керек іс бозбалаға - талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық»

                                                                             Абай                                                                            

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3 рет ер балаға,3 рет қыз балаға,1 рет хормен айту.

4. Әңгімелесу

Сабыр суы

Аңыз әңгіме

 Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті. Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: Маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл кеңес, көмек сұрап келіп отырмын. Не амал етсем екен? Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді де: осы су саған көмектесу тиіс. Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек, дейді. Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді. Сірә, суға бірдеңе қосып берген болсаңыз керек. Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен көршілеріммен жақсы қарым - қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Көршілерім баяғы жырын қайта бастады. Менің ішкі тыныштығымды бұзды. Сіздің көмегіңсіз болмайтын болды, деп тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген кәдімгі су. Оның саған көмегі көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді - өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді өзің тізгендей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың дейді.

Сұрақтар:

1. Ақсақал  өзінен көмек сұрап келген адамға қандай кеңес берді ?

2. Ол кісі ақсақалға неге қайта келді ?

3. Ақсақалдың кеңесінде қандай қасиет көрініс береді?

4. Осы қасиеттер қандай құндылықтың көрінісі болып табылады ?                          

5. Ал сен ол кісінің орнында болсаң қандай әрекет жасар едің ?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

5. Шығармашылық  жұмыс.

1. «Жұлдызым менің жоғары» тақырыбында эссе жазу.

Қағаз, қалам.

6. Топпен ән айту.

«Ақ құсым»

Әнін жазған  Н.Әлімжанов

Сөзін жазған  Б.Беделхан

Арман арман алдамайды, самғап ұшып келем саған,

Қалай от боп лауламайды, махаббатым мен аңсаған,

Мен аңсаған көлдің нұры, селт еткендей шайқалады, Көңіліңнің мөлдірлігі мөлт еткенде байқалады!

Қ-сы

Аялаған аяулы аппақ құсым - ау,

Саялаған жанымдай тәп – тәттісің - ау,

Арайланған жап - жарық шам шуағындай,

Жүрегімді сен менің сақтап тұрсың - ау!

Сұлулығы дүниенің, сен бар кезде жарасады!

Сен бәрінен биік едің, кім сенімен таласады!

Ақ құсым - ау жарық бердің, алаулаған аспаныма! Жұлдызымды жағып бердің, қанатыңды қаққаныңда!

Қ-сы (2 рет)

АКТ - пайдалану

Бірге қосылып ән айту.

7. Үй тапсырмасы.                                                 Оқулықтағы 139 - беттегі «Бата»  өлеңін жаттап келу.             Дәптермен жұмыс. Өз бойыңыздағы қасиеттеріңізге байланысты жұлдыз жорамалдарыңызды құрып келу.

Күнделікке жазып алу.

 

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеруді өтінемін. Ішкі тыныштығымызды сақтап, тілалғыш болып, үлкендерді сыйлау арқылы жақсы қасиеттерді жүректерімізге орналастырамыз. Тыныштық күйде бүгінгі сабақтан алған әсерлерді  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

 

 

 

Просмотров: 494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст