"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың Абайы- халықтың Абайы

24.01.2020

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты іздесең,

Жаз, тоқып ал көңілге.

С.Торайғыров.

Қазақтың Абайы- халықтың Абайы.

Өзінің тарихы танымының өрісін ұзартып,  аясын кеңейтуде Абайдың қандай рухани бұлақтардан нәр тартқанын бұл күнде дәл тауып, түрін түстеп бере қою оңай шаруа емес. Өйткені, Абай адам өмірінің әр кезеңі өзіндік ерекшелігімен қызықты екенін айтып, жастарды ойландырады. Өмір өмір бір жерге тоқтап тұрмайды, көрген қызық, көрген қиындық, өткен өмір бейне түс сияқты. Шындығына келсек Абай аты аталған әдебиет алыптарынан үйренді, үлгі-өнеге алды, бірақ олардың  шәкірті болған жоқ. Адам қысқа ғана ғұмырында жақсыдан да, жаманнан да, үлкеннен де,  кішіден де, ханнан да, қарадан да үйренді, бірақ соның бәрін өзіне ұстаз тұтпайды, өзін олардың шәкіртімін деп есептемейді.  Абай атамыз шығармаларында  қолда бар қаржы мен мал – мүлік дұрыс пайдалана алмайтын, өз пайдасын білмейтін, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамдарды сынға алған болатын.  Абай айтқандай адам баласын  қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі –надандық, екінші- еріншектік, үшінші- залымдық.  Надандық білім ,ғылымның жоқтығы, дүниеде еш бір нәрсе оларсыз болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.  Еріншектік – күллі дүниеге өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік  бәрі осыдан шығады.  Залымдық- бұл адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. Қашан бала ғылым, білімді махаббатпен оқыса, сонда ғана оның аты адам болады. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің! Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жаз келмеуші ме еді! Ұшы қиырсыз дүниеде өмірдің ащы-тұщысы да болар, бірақ сабыр керек. Айтқандай, қыс артынан жаз келер. Тек бұл дүниеде аяқталар нәрсе бір күні болар. Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың  дегендей Абай атамыз айтқандай «Алладан сұрағаның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады деген. Сыртқы пішін алдамшы болуы мүмкін. Дүниедегі ең ғажайыбы  жан сұлулығы. Жаны сұлудың тәні сұлу деп бекер айтылмаған. Жан сұлулық сарқылмас мәңгі сұлу, ал сыртқы сұлу алдамшы бос мәні жоқ жансыз бейне.   

Білмеген соқыр,

Қайғысыз отыр

Тамағы тойса жатуға

Бұл өлеңде надан адам ешнәрсені ойламайды және ойлап та жатпайды. Сондықтан да оның қайғысы басқалардікінен аз. Барлығын  түсінген  адам сірә, күлмес болар, босқа отырмас болар. Ал надан адамның күні қайғы-мұңсыз әр күнін тамақ ішумен өтеді де кетеді және айта кететін жәйі кейде өмірде бітпестей көрінетін қайғы-мұң төбеңнен жауын болып жауады. Бірақ түрлі-түсті әлем бояуы бар кемпірқосақ та жабырдан кейін пайда болады. Қайғы келсе қарсы тұр –құлай бермеу. Бұл сөздің ақиқатына келетін болсақ. Ешқашан өткенге оралма. Ол сенің  қымбат уақытыңды өлтіреді. Адамдар ешқашан өзгермейді. Бір орында тұрма. Тек алға қарай жүр, артқа қарама.

Қорытындылай келгенде, Абайдың  алар орны ерекше.  Абайдың әрбір сөзінде  әрбір өлеңінде терең ой жатыр. Оның өлеңі жастарды адамгершілікке, жақсылыққа шақыру. Айтқандай, кімде-кім керекті сөз тапса, я жазып алсын, оқысын, кімге керегі жоқ өз сөзім өзімдікі. Абайдың арман ететіні- ақылды, жігерлі, білімді, адал, әділ адам. Ондай адам ханның тағына да, байдың бағына да қызықпады, ойы сергек, өз қамымен халық қамын ұштастыра, жалғастыра білетін мейірімді жан. Абайдың арманы әр қазақты, пендені адам ету, періштеге ұқсату, шайтандық жолдан құтқару.

 

10-сынып оқушысы- Мұсұлманбек Аружан.

Просмотров: 1503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст