Әр елдің өзінің Астанасы болады. Қазақстанның жүрегі де Астана. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Дүние жүзіндегі ел ордаларының ішіндегі ең жас қала - Астана. Астана қазіргі еліміздің арқа сүйер Ел ордасына айналды. Астана Қазақстандағы ең көркем қалалардың бірі болып саналады. Біз барлық елге Астанамен мақтана аламыз. Және тағы бір мақтанышымыз ол EXPO- 2017. Ол да Астанада өткен болатын. Оны жан-жақтан 10 млн-нан астам адам тамашалады. Оған кеткен қаражат та біраз болды.
Қазіргі кезде Астанада түрлі-түрлі әсем ғимараттар бой көтеруде. Ол да біздің жетістіктеріміз және қазір астанада әртүрлі ұлт өкілдері тұруда. Ол біздің достығымыздың белгісі.
Астананың жүрегі - Бәйтерек. Ол Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі. Онда тағы басқа Парламент пен Үкіметке арналған әкімшілік ғимараттар бар. Хан шатыр мен Думан мәдениет сарайлары, спорт кешендері де бар. Ол қазір жылдан-жылға өсіп көркейіп келе жатыр.
Мен Астананы мақтанышпен «Әсем қалам - Астанам» деп айта аламын.