"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің жазғы демалысым

08.08.2023

Жазғы демалыста бостан-бос үйде отырмай, оны пайдалы өткіземін деп шештім. Жалпы өзім таза ауада серуендегенді ұнатамын. Таңертең ұйқыдан оянған соң, далаға шығып жүгіріп отырдым. Осының арқасында, өзімнің физикалық даярлығымды қалыпқа келтіре алдым. Компьютердің, телефонның немесе теледидардың алдында уақытымды өткізген жоқпын. Үйде ата-анама көмектесіп, олардың тапсырмаларын мұқият орындап отырдым. Шілде айында отбасыммен бірге көлге бардық. Бұған дейін мен мұндай курорттарда болған емеспін. Осы сапар маған тек жағымды эмоциялар ғана сыйлады. Жаздың ыстық күндерінде суға шомылып, құмды жағажайда жату керемет екен. Ата-анаммен аквапаркке барып, өмірінде алғаш рет дельфиндерді көрдім. Катамаранға және қайыққа мініп, көлде жүзідік. Ал, кеш батқан кезде, уақытымызды жағалауда серуендеумен өткіздік. Бұл демалыс, маған ұмытылмас әсер қалдырды! Келесі жылы осы жерге қайтадан келуді жоспарлап отырмыз. Жазғы каникул ең ұзақ болғанымен, өте жылдам өтіп кетеді. 

Просмотров: 123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст