"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алаш

16.02.2018

«Адамдықтың егінін шаштым,

ектім.

Көңілін көтеруге құл халықтың ...»

Ахмет Байтұрсынов

  Бір ғасыр тарихы 

бар «Алаш» атын ту етіп ұстаған, қазақтың маңдайына біткен  ұлы тұлғалары аңсап өткен бейбіт өмірді,  біз - ұрпақтары көріп отырмыз. Аллаға мың да

бір шүкіршілік етеміз. Алаш  арыстарының

аңсаған армандарын, еткен еңбектерін, «Алаш партиясының» тарихын

оқушыларымыздың бойларына сіңіру 

мақсатында Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты , «Игілік орта

мектебінде» Алаш партиясының 100 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Азаттық

таңын аңсаған, Алаш арыстары» - атты тарихи  мәні бар іс-шара өткізілді. Тарихи тағылымды

іс – шараға, арнайы шақыртумен Қанай би ауылдық округінің әкімі Жусупсов Ілияс

Аманжолович  сонымен қатар, ауылымыздың құрметті

азаматы, өз уақытындағы ұстаз, кәзіргі таңдағы зейнеткер Құдаш атамыз келіп,  тарихи

кешіміздің шұрайын келтіріп, сүбелі әңгімесімен бөліскен қонақтарымыз, білім

алушыларға Алаш партиясының құрылу тарихынан сыр шертіп, жас буынның санасына

құйды. Адам баласын жас кезінен ақ жақсылыққа бағыттайтын, ғибраттылыққа

жетелейтін, бар ізгі қасиеттерге бастайтын тәрбиелі іс-шаралар арқылы оқушыларыдың

бойына сіңіре білсек, жас тал мәуелі бәйтерекке айналғандай саналы ұрпақ болып

өсеріне күмәнсіз болар едік. «Қариясы бар елдің, қазынасы ортаймас» демекші,

ауыл қариясы Құдаш атамыз сол заманның деректерінен жинақтаған әңгімелерін жазып

алып келіп, оқушыларды ойландыратын, қай кезде болмасын білімді адамның

болашағының жарқын боларын ашып айтып кетті. Қариямыздың   сүбелі

сөзін әрмен қарай жалғастырған мектебіміздің басшысы Алма Октябревна білім

алушыларға «Алаш партиясы», «Алаш қайраткерлері» жайында жас буын

оқушыларға  ата-баба ерліктерін

түсіндіріп, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  «

Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болғам» дегендей,  сол кездің білімге құмартқан жастарын, ХІХ

ғасырдың бас кезіндегі сауатсыздықты жоюға барынша атсалысқандығы жөніндегі

деректерімен бөлісіп, оқушыларды жігерлендіріп, елдің патриоты болуға бағыт

беріп өтті. Кешіміздің қонағы Қанай би ауылдық округінің

әкімі Жунусов Ілияс Аманжолович  мектебіміздің оқушыларына өз тілегін

білдіріп, алдағы уақытта әр оқушы білім кеңістігінде өз орындарын қиындықсыз табуларына

тілектестік білдірді.

 Білім алушылардың қызығушылықтары

оянып, тарихи кештен ой түйді, келген қонақтарға сұрақ қойып, білмегенін

білуге, ойы жетпегенін жеткізуге құлшыныс білдірді.

 Тарихи кештің ажарын келтірген,  «Қазақтың Әлиханы» атты қойылым сол кеште

отырған қонақтар, мұғалімдер және оқушылардың бойларын шымырлатып, қөздеріне

жас оралтты. Қойылымды мектебіміздің оқушылары өз нақышына келтіріп кәсіби

шеберліктерін көрсетіп шыңына жеткізе білді. 

  Шаң басқан тарихтың перделерін қайта жаңғырта ашып отырсақ, жас жеткіншектеріміздің буыны тарихын бойына сіңіріп қатаяр деген үміттеміз.

Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст