"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани Жаңғыру

07.02.2018

Рухани Жаңғыруға байланысты мектебіміздің кітапханасында көрме ұйымдастырылды.Ұлтымыздың рухани болмысын мыңдаған жылғы ата-баба рухына сәйкестендіре алғанда ғана,  азаматтары өз заманына сәйкес рухани санасын   жаңғыртып тұра алғанда ғана ел тәуелсіздігі мәңгілік болмақ. Сонда ғана Ана тіліміз өз міндетін атқара алатын, ұрпағымыз ұлтымыздың рухани санасын  сақтай алатын болады.

Қазақтарды қазақ етіп ұйымдастырып тұратын «Ана тілі» атты құдіреттің әрі қамқоршысы, әрі алтын бесігі ұлттың рухани санасы!

Ал рухани сананың жан ұясы – ауыл!

Санамыз да, ауылымыз да ұзақ жылдар бойы кеңес өкіметінің «ортақ отан, ортақ  тіл» атты ұранына күштеп көндіру салдарынан, астарлы саяси үгіт нәтижесінен біраз әлсіреп кеткендігін бәріміздің де мойындайтын ақиқатымыз.

Ол заманда еліміз біреуге тәуелді еді.

Ұлы Жаратушының құдіретімен Кеңес өкіметі тарады да, Қазақ Елі тәуелсіз мемлекет атанды. Ұрпағымыз қазір өз тілінде оқуға, сөйлеуге мүмкіндік алды. Бостандығымызға қуандық. Қуанышымызды тойладық.  Кемшілігіміздің түзеліп кететініне сендік. Содан бері ширек ғасыр өтсе де,   қол жеткен табыстарымыз қуана тойлайтындай емес, көңіл толмайтындай дәрежеде қалып отыр.        Бұл мәселені мемлекетіміз де толық сезінетін болар. Оған дәлеліміз бұрын жарияланған «Мәдени мұра», ауыл реформасы, жақында жария етілген «Рухани жаңғыру» жобасы. Біз жеке кісі ретінде соңғы бағдарламаны Мәңгілік  Елдің ұраны есебінде қабылдадық.

Халқымыз қай заманда да басына іс түскен кезде халқына ұран  салатын болған. Елі сол ұран астына бірігіп, сол ұран қуатымен жеңіске жететін.  Бұл да ұран сөз! Солай түсінгенде ғана істелінер іс табысты болмақ. Өйткені бұл ұран – Ұлы Жаратушы қазақ халқына сыйға тартқан қасиеттерін, ата-бабамыз  сан мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған ұлттық санамызды аман сақтап қалу жолы.

Бұл бағдарлама мемлекетімізге «Мәңгілік Ел» болып қалу жоспарын анықтап берсе, азаматтарымызға мәңгі қазақ болып қалу міндетін жүктейді.

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст