"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

07.02.2018

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдің берекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

ала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол» –

деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.

Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

         Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст