"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Интересные летние каникулы"

16.06.2017

Жазғы демалыс

қызықты

Жаз мезгілі,

әсіресе, балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Күнделікті сабақтар артта

қалып, осы уақытты балғындар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды.

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен

мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш

пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс

лагерінен бастау алары сөзсіз.

Балғындардың жазғы демалысын қызықты өткізу мақсатында  мектеп жанынан маусым айында ашылған

«Шапағат» жазғы демалыс лагері екі ауысым бойынша жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 

лагерьде  23 бала  өздерінің демалыстарын көңілді өткізуде.

Бірінші күнен бастап лагерьдің ашылу салтанатында  би билеп, ән айтып, қызықты ойындар

ойнатылып,  әр түрлі сурет салу жұмыстары

жүргізілді.

Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар жасалынып, мынадай іс- шаралар өтуде.   Мектепте лингвистикалық күн, «ЭКСПО жасылдандыру

технологиясы» суреттер конкурсы, «Monkey See Monkey Do» ойыны, сайыстар және

табиғат  аясына саяхатқа шықты.

Тәлімгерлер осындай қызықты, әрі тартымды әр күнге белгіленген түрлі

мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа

толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда.  Студент 

практиканттар Утегенова Д мен Есимова Ж лагердегі күндерін қызықты

өткізуге барынша жандарын салады. 

Балалардың жазғы демалысы әлі де болса да қызықты, сәтті өтуіне тілектеспіз.

 

Игілік орта

мектебі- аға тәлімгер Нугуманова У.К.

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст