"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы "Айгөлек" шағын орталығының жылдық есебі

15.06.2017

«Игілік орта мектебі» КММ

жанындағы «Айгөлек» шағын орталығының ІІ – тобының жұмысының талдауы.

«Айгөлек» мектепке

дейінгі шағын орталықтың түрі – дамытушылық , 3 – тен 4 жасқа дейінгі балалар

үшін түскі келуі 13.30 – 13.55 – ке дейінгі бескүндік жұмыс тәртібімен жұмыс

істейді.

Түскі қабылдау             13.30 – 13.45

Жаттығу               13.45 – 14.00

Түскі ас                        14.00 – 14.30

Ұйымдастырылған оқу

іс – әрекеті (үзілістерімен бірге жалпы ұзақтығы) сағ. 14.40 – 15.20 аралығында

өтеді.

Ұйымдастырылған оқу

іс – әрекетімен бірге сюжеттік – рольдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар

жүргізіледі. Ауа райының қолайлығына қарай серуіен ұйымдастырылады.

 Тамақтанудың бір айлық бағасы 3000 – ға дейін

бролған. Тамақтану үшін төлемақыны ата – аналар мамыр айына дейін ай сайын

төлеп отырды. Азық – түлікті ата – аналар кеңесінің төрайымы әкеліп, аспазшы

оның дұрыс сақталып , сапалы дайындалуына жауапты болды. Тек мамыр айынан

бастап тамақтану тоқтатылды.

Шағын орталық үш

сыныптан орын алады: оқу , ойын ас бөлмелері. Бөлмелер үстел орындықтармен ,

оқу материалдары үшін шкафтармен , ойыншық, ыдыс – аяқтармен жабдықталған.

Биылғы оқу жылында

ІІ – сәбилер тобы 17 бала республикалық қаржыландыру арқылы жүзеге асатын

«Балапан» бағдарламасына енді. Осыған байланысты шағын орталықтың материалдық

базасын, ойыншықтарды, ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті барысында қолданылатын

оқулық көрнекіліктер базасын жаңарту мақсатында аудандық білім бөліміне сұраныстар

жіберілген болатын. Сол сұраныстарға сәйкес шағын орталық қосымшада көрсетілген

заттармен қамтылды.

«Айгөлек» шағын

орталығының ІІ – тобында жұмыс істеу барысында төмендегідей мақсатты алға

қойдым: «балалардың ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, тілдік коммуникативтік

құзыреттілігін арттыру» осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алынды.

1.    

Балалардың

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

2.    

Жас

ерекшелігіне байланысты дене дамуы мен дене қуатының дайындығы.

3.    

Эстетикалық

талғам қасиеттерін дамыту.

«Айгөлек» шағын

орталығының оқу процесі «Балапан» бағдарламасы бойынша құрылған. Бұл

бағдарламада білім берудің бес сапасы бойынша (Денсаулық, Коммуникация, Таным,

Шығармашылық, Әлеуметтік орта) жүзеге асады. Шағын орталық жұмыс жоспары

құрылып, аудандық білім бөлімінің басшысымен бекітілген.

Білім берудің

базалық мазмұнын жүзеге асыру барысында, балаға тұлғалық және жеке

ерекшеліктеріне сәйкес қарым – қатынас жасау мен балабақшадағы тәрбиелеу мен

оқыту барысына ата – аналарды белсенді қатыстыру мақсатында уақытылы ата-

аналар жиналысы өткізіледі. Ата – аналар жиналысы тақырыпқа сай, тренинг,

дөңгелек үстел, жарыссөз, кеңестер түрінде өтеді.

Жыл бойы сабақтар

сабақ кестесі бойынша өткізіліп отырды. Әр сабақтың өзіндік мақсаты болады. Әр

сабақ 7 – 15 минутқа созылады, сабақтар арасында сергіту сәттері, қимылды –

қозғалмалы ойындар өткізіледі. Бір аптаның жүктемесі 12 сағат.

Жыл бойы балалар

мерекелік кештерге, іс – шараларға , ертеңгіліктерге қатысты:

Бастауыш сынып

бірлестігі апталығының қорытынды кешінде «Қазақстаным» әнімен сахнаға шығып,

өнерлерін көрсетті. «Қош келдің Жаңа жыл!», «Ана – гүл, ана- жыр, ана- өмір

шуағы», «Жыл басы Наурыз» ертеңгіліктеріне белсене қатысты. Осы іс шараларға

балалар жақсы дайындалып, қатысу барысында өзін – өзі ұстауларына, талғаммен

киінулеріне де көп көңіл бөлінеді.

Просмотров: 272


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст