"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ешкім де ұмытылмайды, ешкім де ұмыт қалмайды.

12.05.2017

Ешкім де ұмытылмайды, ешкім де ұмыт қалмайды.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні.

Осыдан 72 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы

Отан соғысы аяқталды. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен

қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945

жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан

ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән -мағынасы уақыт өткен сайын еш

өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа

өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызды еске алу үшін ауылымыздың тыл ардагерлері аталар мен ақ жаулықты әжелерді мектебімізге салтанатты

жиынға шақырдық. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Мектептің алаңында оққа

ұшқан, хабарсыз кеткен ата-бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алып, ауылымыздың

имамы құран бағыштады.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. "Ер

есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған

аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі

бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. 

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен – аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Игілік орта мектебі

 Биология пәнінің мұғалімі- Нугуманова У.К.



Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст