"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Батик" открытый урок по технологий

12.05.2017

28.04.17 ж                    Технология қыздар    ашық сабақ                 8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Материалды көркемдеп өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

-  Барлық оқушылар материалдарды көркемдеп өңдеу технологиясын, сәндік – қолданбалы өнердің негізгі түрлерімен танысады.

- Кейбір оқушылар матаны әшекелеу.Батик  түрлерін  ажырата біледі, суық батик өнерін жасап үйренеді.

- Оқушылар   тазалыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, бір – бірінің еңбегін бағалауға тәрбиеленеді.

Түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі:  психологиялық дайындық, кластер, сыйлық, еркін талқылау,  уақыт шеңбері, аралдар.

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, бейнелеу өнері.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тұсаукесер,  гуаш бояулары, қылқаламдар, керілген мата, акварель краскалары, қылқалам, мата қиықтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.     Сәлемдесу,түгендеу.

2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.     Психологиялық дайындық.

«Теңіз тыныштығы» әуені ойнату.

Оқушыларға нұсқау беру көздеріңді жұмып қиялға ерік береміз

  1. Құс
  2. боп самғап ұшамыз.
  3. Балық
  4. боп су патшалығында жүземіз.
  5. Әдемі
  6. табиғат аясында саяхат жасаймыз.
  7. Көптеген
  8. әдемі, түрлі-түсті жануарлар мен жәндіктерді кездестіреміз.
  9. Гулдер
  10. әлеміне келдік.(қызыл-жасыл)

3.     Түстер әлеміне келдік (сары,ақ, көк,қызыл

II.Білу:  Үй тапсырмасын тексеру.

 «Сыйлық» ойыны.

 «Сұрақ-жауап»

әдісі арқылы өткен сабақта алған білімдерін еске түсіруге бағытталады.

1.     Жиһазды қалай күтеқажет?

2.     Лакталған жәнежылтыраған жиһазды  қандай шүберекпен

сүртуге болмайды?

3.     ЕҒҰ дегеніміз нежәне оның негізгі мақсаты қандай?

4.     ЕҒҰ жетілдіру  не үшін қажет, оның  қандай  пайдасы бар?

  ІІІ. Қызығушылығын ояту.

«Кластер»стратегиясы  бойынша матамен жұмыс жасайтын өнер түрлерін топтастырамыз. Оқушыларға

өнер түрлері жазылған қағаздар беріледі. Сол сөздер арқылы топтастырады.

Осы өнерлердің ішінде сендерді қатты қызықтырған түрі қандай?

  Тақырыбын айту. Мақсатын айтуға жетелеу.

III. Түсіну. Мағынаны тану :Мәтінменжұмыс.

«Еркінталқылау» стратегиясы:

Материалдарды көркемдіп өңдеу технологиясы -  материалды

(тоқыма, үлбір, металл, т.б.) өңдеу әдіс - 

тәсілдері мен құралдарының жиынтығын құрайтын ғылым мен өнер саласы.

         Сәндік – қолданбалыөнер – пайдалы әрі көркемдік функциялары бар көркемөнер туындыларын жасауғабағытталған шығармашылық іс – әрекеттің түрлі салаларын қамтитын өнердің біртармағы.

Оқулықбойынша топтық жұмыс. 90-92 бет   

 СҚӨ негізгі түрлері:

1.     Тоқымасыз тұскілем(жүннен  жасалған картиналар);

2.     Кестелеу (айқас,бисермен, жіппен тоқу графикасы);

3.     Батик  (суық батик, ыстық батик);

4.     Құрақ құрау(пэчворок);

5.     Жапсырма(аппликация);

6.     Фитодизайн жәнет.б.  

Матаны көркемдеп әшекейлеу. Батик.

Матаны көркемдеп әшекелеу, батик – ұлттық дәстүрлері

мен  тамырлары тереңде жатқан, бүгінгі

күнге дейін жеткен қооданбалы өнердің 

бір түрі. Қолмен безендіру өнерімен Жапония,Қытай  Индонезия 

және Африка  ертеден таныс.

БАТИК -  маталарды

қолмен безендіру түрлерінің жалпы атауы. Ол 

үшін  көркемсурет өнерінің  суреттік (көркем ) тәсілдері  -«акварель» , графика , витраж, т.б.

қолданылады.

 

Бүгінгі күнгі батик түрлері:

1.     Суық батик;

2.     Ыстық батик;

3.     «Краскле» әсері;

4.     Көркем бедер салу;

5.     Еркін өрнектеу;

Батикке салынатын өрнектер алуан түрлі – он мың астам түрібар. Көпшілігі ежелден келе жатқан өрнектер. өте кең тараған - өмір қуанышыөрнегі: құстарды, көбелектерді, гүлдерді, жемістерді бейнелегенде, бояу ерекшеүйлесім тапқан. Сондай - ақ батиктерде – мифтік Гаруд құсының бейнесі көбіреккездеседі.

Батикке салынған суреттер бірнеше түргебөлінеді: геометриялық, түрлі денелер, өсімдіктер бейнесіндегі өрнектер.

Матаны кескіндеудің негізгі әдісі. Батиктехникасының негізі бояуды резервте ұстау принципінде, яғни қажет кезінде

қолданылатын артық бояуды сыйымдылыққа (ыдысқа) жинақтау принципінде жатыр. Бұл

матаның өрнек жасалатын белгілі бөліктерін боямай қалдыруға мүмкіндік береді.
Бұл техниканы матаға салынатын әдісіне қарай

бірнеше түрге бөлінеді: ыстық, суық және аралас батик.
Суық және ыстық батик жайма бойымен аққыштығы

шектеулі, сыйымдылықтағы (резервтегі бояу) бояумен жұмыс істеуге негізделген.
«Суық» батик.
Осы тәсіл «ыстық» батиктен резервтемпературасымен, құрал - жабдықтарымен ерекшеленеді. Сурет резерв сызығымен

шектеледі. «Суық» батикте резервті алып тастау қажет емес, ол өте ыңғайлы және

әдемі.
Батик жасау үшін бізге құрал - саймандар қажет,

олар:
Жақтау - бұл айлабұйымды сатып алуға немесеқажет өлшемде қолдан жасап алуға болады.
Батик жасауға пайдаланатын маталар. Мақта мата(бөз, шыт, шифон) маталары. Біз бүгінгі «суық» батигімізде мақта матасын

қолданамыз.
Бояулар. Матаға арналған акрил бояулары.
Қылқаламдар: қатты қылқаламдар және жұмсақ

қылқаламдар.
Балауыз: дайын балауыз (резерв).
Үтік: дайын бұйымда үтіктеу үшін.
Қорғаныш киімдері: химиялық қоспалардықолданғанда қолыңның терісін сақтау үшін резенке бес саусақ қолғап. Әр түрлі

бояуларды қолданғанда алжапқыш кию міндетті, олар бояулардан дақ түспеу үшін

киіледі. Қылқаламдарды сүртіп отыру үшін қиық маталар.

  Қосымш ақпарат:

Батик өнері

Батик (малайяша -

batɪk) - айшықтау әдісі және нақышталып, безендірілген алуан түсті мата.Бұл әдіс бойынша бояу сіңбейтін құрамдас заттармен ( «ыстық батикті»қолданғанда қыздырылған балауыз, «суық батикті» қолданғанда резинажелім) матаға әр алуан айшықты кескіндер, нақыш-өрнектер салады, одан кейінматаны бояйды. Қосымша түс, рең беру үшін жапсырылған балауыз ара-тұра аланып

тасталады да, мата еселеніп қайта боялады. Батиктің шығу

тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралдарынан басталған өнер.Бұл матаны ерекше әшекейлеу болып табылады«Ba - tik» - Ba сөзі х. б. мата, алtik – тамшы, нүкте деген мағынаны білдіреді.«Ambatik» - матаға сурет салу,

нүктелермен толтыру немесе мата бетінде штрихтау деген сөз. Көптеген әлем халықтары

үнділер, қытайлар, египеттіктер, перуандықтар бұл өнерді ерте кезден дамытқан.

Бірақ ол ең жоғары деңгейде көркемдікке және техникалық әсемдікке тек Явада

жеткен. Явалық батикке бүкіл әлем таң қалысады, ал Индонезиялықтар үшін ол жай

ғана зат. Ява және Бали, Индонезия аралдарының тұрғындарына бұл күнделікті

дәстүрлі киім. Индонезияда батиктің қашан пайда болуы жайлы нақты деректер әлі

күнге дейін пікір талас тудыруда. Ал батиктің Явада кеңінен таралған уақыты

ХҮІІ ғасырда деп болжамдар айтылуда. Батикті адамдар алғаш рет киім ретінде

пайдаланылған. Олар бастапқыда матаны түйіндеп байлау арқылы суреттер,

кескіндер, сызықтарды салуды ойлап тапты. Қытай елінде ҮІІ ғасырда матаны

түйіндеу әдісі жақсы дамыған. Түйінді батик өнері. Түйінді батик матаға сурет

салудың ең оңай түрі болып табылады.

ІҮ. Сергіту жаттығуы:

V. Практикалық жұмыс :   «Суық» тәсілімен мата үстіне батик суретін салу.

• Нақты өлшеммен бұйымның суретін (эскизін) салу.

• Қыстырмалы кнопка арқылы матаны кереміз. Керілген мата мықты және берік болу керек.

• Суретті жай қарындашпен мата үстіне көшіреміз.

• Сурет сызықтарын резервпен жүргіземіз.

• Бояуды бастаймыз. Контур ішіндегі суретті

сулаймыз. Бірінші ашық түстермен, содан соң қою түспен бояймыз.

• Гүлдерді бояп болған соң жапырақтарға көшеміз.

• Жұмыстың аяғында матаға арналған контурмен

безендіреміз.

• Жұмыстың аяғында суретті ыстық үтікпен бояудың

беріктігін күшейтеміз.

  VІ. Ой толғаныс:   «Уақыт шеңбері» стратегиясы бойынша алған білімдерін түйіндеу

Зымыран сұрақтар

1. Батик өнері қай елде шықты?

2. Қай ғасырда және қай елде батик өнері дамыған?

3. Батиктің қандай түрлері бар?

4. Батиктен қандай бұйымдар жасауға болады?

5. Батик сөзінің мағынасы нені білдіреді?

6. Сәндік қолданбалы өнердің түрлерін ата?

VІ: Кері байланыс: Аралдар.

  ҮІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:

ҮІІІ. Үйге тапсырма:  &18 оқу.

 

Просмотров: 595


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст