"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бір ғасырда бір туатын дара тұлға"

12.04.2017

Бір ғасырда бір туатын дара тұлға                                 

 

 

                                 Ұстаздықтың жолын таңдаған,

                              Тәрбиенің көзі деп санаған.

                                       Халықжүгін көтеруге қашан да,

                                             Үлесін қосуға бар ғұмырын арнаған.

 

     Ұстаз –ұлы тұлға, ұлы есім! Осы қасиетті де, құдіретті мамандықтың иесі болған, талай жылдар өз еліне адал қызмет атқарған қазыналы, қадірменді қарт ұстаз Қабдрашид атамызбен мақтанамыз.

Кейінгі ұрпаққа өмірін, еңбек жолын әңгімелеп, сыр бөлісіп, үлгі аларлықтай

істерін таратып айтып отыратын қариялардың азайып бара жатқан өкінішті...

Алайда, қолда бар алтынымызды қадірлеп, өнегелі істерін, естеліктерін жастарға

таратып отырсақ, үлкен сауапты жақсылық жасағанымыз ғой.

     Жуырда  Игілік орта мектебінде 20 жыл мектеп

директоры болып қызмет еткен Рақымжанов Қабдрашид атамыздың 95 жасқа толуын

атап өттік. Қабрдашид атамызбен бірге үлкен қызы Баян апай, әріптесі Құдаш ата,

аудандық білім бөлімінен Клара Аманбековна, аудандық музыка мектебінің

директоры  мектебіміздің қадірлі

қонақтары болды. Қонақтарымызды мектеп оқушылары мен ұжымымыз қуанышпен қарсы

алдық. Мектебіміздің мұражайымен 10-сынып оқушысы Жолдағұл Айымгүл таныстырып,  Қабдрашид ата естеліктерін айтып берді.

Мұражайдан соң  Алтынай Есямбекқызы видеоролик жасап, атамыз жайында  тың мәліметтер

берді. Мектебіміздің  оқушылары атамызбен сұхбаттасып, өз көкейлеріндегі қызықты сұрақтарын қойып, сауалдарына толыққанды жауаптарын алды.Осы кісі туралы әріптесі Құдаш ата да бастарынан өткен қиыншылықтары мен қызықты әңгімелерін айтып берді. Сұхбат кезінде қарт ұстаз өз басынан өткен

қызықты оқиғаларын, балалық шағын тебіреніспен есіне түсіре отырып әңгімеледі.  Сұхбаттан соң «Бір

ғасырда бір туатын дара тұлға» атты мерекелік кеш жалғасын тапты. Мектебіміздің

басшысы Алма Октябревна  қарт ұстаз жайлы

әңгімелеп  айтып берді. Жүрекжарды лебіздерін білдіріп, диплом берді. Келген қонақтар да өз тілектерін

білдірді.  Мектеп ұжымы қазақтың дәстүрі бойынша қадірменді ақсақалдың иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады. Естелікке оқушылармен, ұстаздармен суретке түстік. Ұстаздар ұжымынан бастап, бастауыш сынып оқушыларына дейін өз үлестерін қосып, атамыздың ақ батасын алды.

     Әсерлі, тартымды кездесу барысында айтылған

тілектер Алланың құлағына шалынып, атамызға ұзақ өмір, денсаулық берсін дегім

келеді. Күш-қайратыңыздан таймай, әлі де жастарға өсиет, ақыл-кеңес айта

жүріңіз. Сіздің жасыңыз бен зейнетіңізді жаратушымыз кейінгі ұрпаққа нәсіп

етсін!

 

Игілік орта мектебінің тарих

пәнінің мұғалімі

  Искакова А.Г

 

 

               

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст