"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ЖАС МАМАНҒА КӨМЕК – ЗАМАН ТАЛАБЫ" мақала

12.02.2017

ЖАС МАМАНҒА КӨМЕК –

ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деген. Ал мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған

жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс. Биылғы оқу

жылында мектебімізде 6  жас маман жұмыс жасауда. Баядилова А.Е, Уалиева М.Н, Утельбаева А.Н, Кабдушева М.Ж, Утегенова К.Ж, Біжекен Н.Ә бірі пән мұғалімі болса, бірі шағын орталық тәрбиешісі.

Жас мамандар алғашқы жылдары көптеген киындыктармен бетпе-бет келеді. Сол себепті мектеп

әкімшілігі  жас мамандардын осыкиындыктарды игеруіне көмек беру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Оку жылы

басталар алдында  максатты түрде жасмамандармен жұмыс жургізу жоспары кұрылды. Жас мұгалімнің жұмыс әдістемесін,сабақты өткізу тәсілдерін бакылау максатымен сабактарына катысып, тиісті көмек көрсетіліп отырды. Тәлімгер мұғалімі оған сабақтың мақсатын қою,мазмұнын, әдістерін таңдау, оқу материалын тиімді әдістермен оқушыға жеткізу,жаңа технологияларды пайдаланып сабақ өткізуді үйретіп келеді. Тәжірибелі

ұстаз­дар әріптестеріне тірек бола алады: олар тәжірибесі аздау мұға­лімдермен

тәжірибе алмасады, са­бақты бақылағаннан кейін өз ойларымен бөліседі,

әріптестеріне өз тәжірибесін ұғынып, оны жақсартуға және жеке кәсіби даму

бағытын құруға көмектеседі. Осы орайда айта кететін мәселе – тәлімгер

әріптесінің жұмысын бағаламайды, оларға қолдау көрсетеді.

  Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру

мақсатында  «Сабақ - мұғалімнің шағын шығармашылық

көрінісі», «Жаңа технология - сабақта» атты шебер-сынып, ашық сабақтар, психологиялық тренингтер, іскерлік ойындар, семинарлар,

практикумдар өтті.

Осынау атқарылған жұмыстардың нәтижесін көру мақсатында

«Жарқыра, жаса, жас маман!» атты апталық ұйымдастырылды. Тәрбиешілер мен

мұғалімдер апталық жоспарын жасап, мақсатқа жету барысында апта бойы тынбай

еңбек етті. Тәжірбиелі мұғалімдердің көмегімен үлгі сабақтар мен сабақтан тыс

іс- шараларды жаспарлап  өткізді.

Апталықтың ашылу салтанатында әріптестері мен шәкірттерінің алдында өздерін жан

– жақты таныстырып, әр қырынан көрінді.  Үлгі сабақ көрсету барысында 100 сағаттық

«Тәжірибедегі рефлексия» атты курстан алған білімдерін шебер қолдана алды.

Сабақтан тыс іс –шараларға балалармен қоса ата-аналарды да ұйымдастырып «Толағай»

отбасылық ойынын өткізді. Апталықтың қорытындылау сәті де ерекше болғанын

әріптестері мен оқушылар бағалау парағы арқылы жеткізіп, алғыс білдірді.

Бейнеролик  арқылы апта бойы жүргізілген

жұмыстар көрсетілді. Іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларға  жас мұғалімдер оқу құралдарын сыйласа,  мектеп әкімшілігі тарапынан осы мұғалімдерге

марапаттау қағаздары тапсырылды. Егер мұғалім өз бойына іс пен

шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз - деген

ұлы педагог К.Д. Ушинский. Ұстаз жолы –  қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық

атаулының ұлысы. Педагог қызыметін жаңадан бастаған жас мұғалімдер көбіне

абдырап, өзіне-өзі сенімсіздік танытады. Оларға жетіспейтіні - тәжірибе.

Тәжірибе жылдармен келеді. Бұл мектеп практикасы көрсетіп отырған жайт.Сондықтан

мектеп ұжымы тарапынан да, ата- аналардан да қолдау тауып, көмек көрсетіліп

отырылуы тиіс. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын

да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…

Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да

солай ардақтауға міндеттіміз!» деген болатын  Бауыржан Момышұлы.

Жарқыра, жаса, жас маман!

 

Игілік орта мектебі.  Оқу –тәрбие ісінің меңгерушісі – Маймышева

Салима Қазиевна

 

 

 

Просмотров: 926


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст