"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұстаздық еткен жалықпас" мақала

03.02.2017

                                              

Ұстаздық еткен жалықпас.

Әр жас өркеннің азамат боп қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізігі  сала, ол- білім беру жүйесі. Ал білім беру жүйесіндегі басты тұлға-мұғалім. Мұғалім алдындағы үлкен міндет оқушыларына

заман талабына сай жаңа технологиямен 

жұмыс жасай отырып білім мен ғылымға жол ашу. Осыған орай ,Игілік орта мектебінде    Искакова Әсемгүл Ғалымжанқызы мен Нұғыманова Ұлпан Құланқызының ұйымдастыруымен «Тарих және биология»

атты  іс-шаралар өтті. Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында іс-шаралардың орны ерекше. Мақсаты – оқушылар бұл пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты ра білу керектігін түсіндіру. Мұнда оқушылар бұрынғы білгендері  мен қазіргі білгендерін биология, тарих елдеріне саяхат жасай отырып ұштастырды.

Бізді қоршаған тірі табиғаттың қыр – сырын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін

меңгертетін биология ғылымы жөнінде  көптеген мәліметтер берілді.

Осыған орай, 5-сыныпта «Атмосфералық құбылыстар және оның тірі ағзаларға әсері»,9-сыныпта  «Тарих қадамдары» интеллектуалды сайыс.8-сыныпта«.Қазақстан

аумағын әскери отарлаудың күшеюі.» атты ашық сабақтар қызықты,тартымды  өтті. «Жаратылыстану көшбасшысы»

интеллектуалды ойыны  мен апта бойы жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы жасалып, оқушыларды марапаттады.

Шәкірт тәрбиелеу -үлкен міндет. Сондықтан  біздің мұғалімдеріміз

үнемі ізденіс үстінде жүреді. Әр күні оқушысымен, ата-аналарымен бірлесіп жұмыс

істейді. Шынында, білімді оқушың ,шығармашыл ұстазың көп болса жұмыс та жақсы

жүреді.

 

Игілік орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі: Ташмағанбетова Ж.С.

 

 

 

Просмотров: 289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст