2024 жылдың 1 наурыз күні Шағалалы а.ЖОББМ базасында алғыс айту күніне арналған 5-6 сынып оқушылары арасында үстел теннисі мен шахматтан аудандық жарыстар өтті. Жарысқа келесі командалар қатысты: М.Ғабдуллин ат.мектеп гимназиясы, Дөңгілағаш а.НОМ, Шағалалы а.ЖОББМ, Игілік а.ЖОББМ, Жылымды а.НОМ, Бәйтерек а.ЖОББМ, Қызылтан а.ЖОББМ, Зеренді а. №1 ЖОББМ. Жарысқа 40 астам оқушы қатысты.
Үстел теннисі бойынша орындар келесідей бөлінді:
1-орын Бәйтерек а.ЖОББМ
2-орын Шағалалы а.ЖОББМ
3-орын М.Ғабдуллин ат.мектеп гимназиясы
4-орын Игілік а. ЖОББМ;
5-орын Дөңгілағаш а.НОМ.
Шахмат бойынша орындар келесідей бөлінді:
1-орын Зеренді а.№1 ЖОББМ;
2-орын Дөңгілағаш а.НОМ;
3-орын Жылымды а.НОМ, Шағалалы а.ЖОББМ;
4-орын Қызылтан а.ЖОББМ;
5-орын Игілік а.ЖОББМ;
6-орын Бәйтерек а.ЖОББМ.