"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елдің болашағы – Елбасының назарынан қалыс қалған емес»

13.03.2018

«Елдің болашағы – Елбасының

назарынан қалыс қалған емес».

Игілік орта мектебінің тарих пәнінің оқытушысы

Айтмаганбетова Балым Сериковна

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың  қаңтар айының басында көп күттірмей, өз

халқына жылсайынғы жоспарлы түрде жария ететін жолдауын

халық назарына ұсынды. Бұл жолдау халықты матевациялық даму  арқылы, айқын көрсетілген он бағытпен кемел

келешектің орнауының кепілі екендігін түсіндіреді.  Елбасы Жолдауында білім саласындағы

 қызметкерлерінің алдында атқаратын үлкен

міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буындарында білімнің  сапасын жақсарту жолында бізді ауқымды жұмыс

күтіп тұрғандығы белгілі. Елбасының

жолдауын бөлімдері бойынша, Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Игілік

ауылындағы  «Игілік орта мектебінің»

ұжымы, әр тармақтарына түсіндіру жұмыстарын жасап, соның ішінде жетінші және

тоғызыншы бөлімдеріне баса назар аударып, кеңінен талдау жүргізілді. Мектебіміздің

тәрбие ісінің меңгерушісі Сәлима Қазиқызы жетінші тармақты егжи-тегжилі талдап,

бұл тармақ біздің даму жолымыздың  бағыты

екендігін, «Рухани жаңғыру» жолында да білім саласына көп назар аударылып

отырғандығын, соның ішінде «Цифрлық дәуірдің» табалдырығынан аттағандығымызды,

болашақтың жарқын болу жолында атқарылар істің, қиындығы мен қызығы қатар

жүретін ұстаздық арнада талмай еңбектенудің нәтижесі жемісті болатындығын айтып

өтті.

Тоғызыншы тармақ бойынша, басшымыз Алма Октябревна жемқорлықпен

күрес жайында, сыбайлас жемқолықтың алдын алу және онымен күрес жүргізуде

талдау жасап кетті. Осы тұрғыда мектебімізде «Адал ұрпақ» атты ұйым жұмыс

жасайтындығын, ол ұйымның құрылудағы мақсаты, өскелең ұрпақтың болашақта әр

басқан қадамы мен атқарған істерінде адалдықта пір тұтып, ұшқан ұя мектебінен

алған білімі мен бағытын ұштастыру арқылы тұлға болып қалыптасуына бағыт беру

екендігін ашып айтып өтті.

Елбасының жолдауында айтылған бағыттар, батыл қадам

жасауға барынша сенімділікті арыттырады. Олай деуге себеп, Қазақстан

Республикасы Азия мен Еуропаның арасын жалғап тұрған көпір іспетсес ел. Елдің

экономикасының дамуына және сырт елдермен қарым-қатынас жасауына, жастардың

өзге мемлекеттерден білім алуында барынша қолайлылық жасалынған ел ретінде

танылған.

Аталған негізгі бағыттарды әр саланың мамандары жүзеге

асырып, атқарылған жұмыстарының нәтижелі болуы, Тәуелсіз еліміздің өркендеуінің

кепілі екендігінің айқын көрінісі болары анық.

Просмотров: 361


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст