"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Класный час (пример)

13.03.2018

Латын әліпбиі– заман талабы

Мақсаты:

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру,

қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа

Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот

ұрпақ тәрбиелеу.

Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор

материалдары.

Сабақтың техникалық

құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта

компьютер.

Барысы

І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты

бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз

керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы

қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын

әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты

қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні

айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек?

Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме,

ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған

«Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы

қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі

қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.

Ендеше, «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында

өткізілгелі отырған ашық микрафон алаңын бастаймыз.

ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрафон»

Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген

әліпбилер тарихы туралы Сейтбек Қуаныш таратып айтып береді.

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды.

Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.

І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары

1.    

Латын

әліпбиіне көшудің себептері неде?

2.    

Латын

әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...

ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары

3.    

Латын

әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?

4.    

Латын

қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.

ІІІ Латын

әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары

1.    

Латын

әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

2.    

Латын

әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Көрермен не дейді?..

ІҮ Рефлекция. «Дауыс беру»

Оң жақ: қолдаймыз (ақ)

Сол жақ: қолдамаймыз (қара)

 

Просмотров: 307


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст