"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

4 сынып оқушыларының шығарған өлең жолдары

08.10.2020

Ұстазым

Білім беріп мәңгілік,

Жақсылыққа жол ашқан.

Білім беріп,түсіндіріп,

                                                  Мейірімділік жасаған

Бәйтеректей әдемі,

Анамыз ғой екінші

Құрметтейміз сондықтан

Ұстаздарды мәңгілік!

Мектеп

Күнде барып жүресің

Білімді үйренесің

Таудай болып кіресің

Таудай болып шығасың

Біліміңді үйреткен

Ұстазыңды көресің

Біліміңді тексеріп

Жақсылықпен жүресің.

Шығарған : 4 сынып оқушысы: Сабыр Айсұлтан

Бай

Жүреді күнде шалқиып

Тамаққа тойып байлықпен

Кедейлерді бір теуіп

Ақшасын төлемей бір тиын

Істетіп қояр жұмысын

Халыққа сатып тұрады

Бағасы қымбат болады

Малды жинай береді

Сатпайды да, соймайды

Осындайда қайырсыз

Осындайда нысапсыз

Болады екен байларда.

 

Ақ жаңбыр

Тәулік бойы жауады

Тоқтамайды бір сәтке

Құйып-құйып алғанда

Өсімдіктер жайқалар

Ақ жаңбырды күтетін

Тасаттыққа барады

Күні бой жаусын деп

Тілек тілеп қояды

Ақ жаңбырды сондықтан

Жақсы көріп тұрады

Не қымбат

Ананың құшағы қымбат

Атаның сөзі қымбат

Мәңгілік жанында болатын

Достарың қымбат

Білімді жер

Мектеп қымбат

Мектептің жүрегі

Ұстазың қымбат

Ардақты жерің қымбат

Ақылды менің қымбат

4-сынып оқушысы: Айтжан Жанерке

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст