"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің Тұңғыш Президентім! "эссе. Авторы: Сапар Толғанай

25.11.2020

                                                 Менің Тұңғыш Президентім!

                                                          Бар әлемге шын танылдық міне,біз,

                                                                           Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

                                                                           Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

                                                          Нұрсұлтан мен Қазақстан  тұр егіз.

Президент! Осы бір алтын әріптермен жазылатын сөздің мән-мағынасы  тереңде жатыр.Елбасы,көшбасшы деген сөздермен төркіндес деп айтуға болады.Президент! Осы бір сөзді естігенде көз алдыма алып денелі, өжет,қайратты,салиқалы тұлға елестейді.Әр төрткүл дүниежүзі елдерінің өз Президенттері бар. Мәселен, жақында Америка Құрама Штатында кезекті Президент сайлауы өтті. Жиырма төртінші Президенті көп дауыс алып, жеңіске жетті. Сол сияқты басқа елдерде де бәленбайыншы Президенті сайланды дегенді естіп жатамыз.

        Біздің ата-бабамыз еліміз, жеріміз үшін қасық қандары қалғанша күресті, арпалысты. Абылай, Кенесарыдай хандарымызды  ақ киізге көтеріп,соларды медет тұтты.демеу қылды.Абылай хан өмірінің соңғы сәттерінде бір өкінішпен кетіп бара жатқанын білдіріпті. «Үш жүздің басын қоса алмадым.Сол менің арманым еді,»-депті.Содан бері талай уақыт өтті,талай тарихи оқиғалар бастан кешірілді.

         Мен бақытты елдің ұрпағымын!Мен бақыттымын!Бақытты болуымның себебің неге ақ қағаздың бетіне түсірмеске!

Тәуелсіздігіміз қолымызға жеткеннен кейін халық ақ киізге көтеріп Тұңғыш Президентін  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады.Маңдайымызға біткен алланың сыйы болатынын ел-жұртымыз сезгендей болды.Сол күннен,сол сәттен бастап басымызға бақ қонып,талай жетістіктерге жеттік.Содан бері талай жылдар өтті.Бала болсам да,сол жылдардағы тарихи оқиғалар жіпке тізілгендей, бірінен соң бірі көз алдыма келеді.Тарихтан басқа да ақпарат көздерінен,көрген киноларымнан біліп,ойыма түйіп жүрмін.

Мен бақыттымын!Тұңғыш Президенттің арқасында ынтымағы жарасқан, тәуелсіз,бейбіт елде өмір сүріп жатырмын.Елбасына осындай бақытты балалық шақ сыйлағанына басымды иіп,балалық ризашылығымды білдіремін.Ата-ана да,бала да бақытты!Бұдан басқа не керек?!Басқа жерлердегі соғысты көріп,зәре-құтың қалмайды.

Біздің ел ең бай мемлекеттер қатарында,себебі біздің халық өте бақытты.Жеріміз кең,даламыз егісті,Ордамыз теңесті!Осының барлығы тұңғыш президенттің еңбегі,табандылығы деп білемін.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үздік еңбектері осы нұрлы күнге жеткізді.Қазіргі таңда аяғымызға нық тұруымыз Тұңғыш Президенттің арқасы деп білемін. «Бірлігі бар ел озады,бірлігі жоқ ел тозады» -деп айтпақшы,еліміздің бірлігі-елдігіміздің кілті,ең басты мәселесі.

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің артынан Қазақстан халқына көп еңбектерің қалдырып кетті.Оларды саусақпен санау мүмкін емес.Мысалы:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  « Туған елім-тірегім», «Бейбітшілік кіндігі» т.б өлеңдерін қалдырып,біздің келешек жастарымыз білім алсын,оқу оқысын деп осы еңбектерін жарыққа шығарды. Сонымен қатар көптеген реформалар мен стратегиялар жасады.Осылардан басқа тағы да көптеген кітаптары жарық көрген.

Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан қазақ елінің,тұңғыш Президенті жастардың болашақ есігін айқара ашты.Айтып кететін болсақ, «Болашақ»  бағдарламасын жастарды басқа елдерге таныту мақсатында жасады.Болашақ жастардың қамын ойлап,өзінің атында мектеп және жоғары оқу орындарын ашты. Осының өзі  керемет емес пе  ?!

Әр жыл  сайынғы Жолдауларында денсаулық , білім саласына халықтың әлеуметтік жағдайына басты назар аударып , тапсырманың орындалуын қадағалайды.

Тұңғыш Президенттің қойған мақсаттары , іске асырылып , істеген ерен еңбектерін  саусақпен санауға  келмейді , сол себепті  қазақ елі үлкен сеніммен қарады . Ал біз  жастар үлгі алудамыз !

 Ежелден  еркіндікті аңсаған ,

Орындадың  арманың  сіз  елдің 

Таныттыңыз  дүниеге ,

Тәуелсіз қазақ  елін деп , -осы жүрекжарды  өлең жолдарымен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымызды  білдіремін . Сіздің бізге артқан сеніміңізді кейінгі  ұрпақ ақтап , еліміздің болашағын көркейтуге  өз үлестерін қосады деп  ойлаймын .

Просмотров: 185


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст