"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательное школа села Игилик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сценарий посвещянный на 7-9 мая

05.05.2018

БЕКІТІЛДІ:                                                           

                                                     КЕЛІСІЛДІ:

Мектеп директоры                                                  

                              Тәрбие ісінің меңгерушісі

_________________                                                                               Маймышева С.К

Уалиева

А.О                                                                

                          «___»______________

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Игілік орта мектебі» КММ

 

 

 

 

7 мамыр және 9 мамыр

мерекелеріне арналған

«Ұлы ерлікке тағзым»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы

Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға және туған елге

деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Елбасының қоғамдағы

орнын түсіндіру; Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез құлқықтың беки

түсуіне ықпал ету; адамгершілікке, ұлтжандыққа тәрбиелеу.

 

1 Жүргізуші: Құрметті асқар

таудай әкелер, арқа сүйер аталар және де біздің ұландар!

Сіздерді келе жатқан  Ұлы жеңістің 73  жылдық мерекесімен

және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға

мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасытарыңызға бақыт, бірлік, береке

тілейміз.

 

2 Жүргізуші:            

Жеңіс күні, Жеңіс жыры

Асқақтата шырқалсын.

Ардагерлер қалауы

Мәңгі өшпесін алауы.

Желбіресін жеңімпаздар

жалауы,-дей отырып оқушыларымыздың саптық шеруін назарларыңызға ұсынамыз.

Сахна төріне 9-10-11 сынып ұлдарын шақырамыз

 

1 Жүргізуші: 9 мамыр – Жеңіс

күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен

келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты,

3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау

әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

 

2 Жүргізуші:  Қабиденұлы

Төлеген Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін

Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен

марапатталған. Осы батыр бабаларымыздың ерліктерін мәңгі мақтан

етеміз.

Ән: «Жеңіз күні» орындайтындар 1 сынып оқушылары.

Өлеңнен кейін бірден / би/

 

1 Жүргізуші: Ұлы

Отан соғы­сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті –    Қасым

Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс

Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында

Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, бас­қыншылар қолында қалған

Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде

Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан

кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия

елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң

бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде

қызмет атқарған.

 

2 Жүргізуші: Қазақстандықтар

Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград,

Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады,

Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев  1945 жылдың 30 сәуірінде Жеңіс туын тікті.

осы жеңіс күніне арналған біздіің

бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Ортаға бастауыш оқушылары

шақырыларды.

 

1 Жүргізуші: Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Ел үшін қан төгіп, жан

беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942

жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

1943 жылдың 15 қазанында Псков

облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча

станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды.

Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті.

Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды

қыршыннан қиып түсті.

 

2 Жүргізуші: 1942 жылы Әлия өз

еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. 1943 жылдан бастап,

54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының

снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронтында

болды). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы

14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза

тапты.

 ӘН: «ӘЛИЯ»  орындайтын Динара Сейтжанова

 

1 Жүргізуші: Оны – «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар

ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың дара ұлы,

Кеңес одағының батыры атағын екі мәрте алған қыран текті Талғат

Бигелдинов еді. Екінші Дүниежүзілік соғыстың

ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан,

Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305

рет көтерген екен.

 

2 Жүргізуші: Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін, аты

аңызға айналған батыр Бауыржан Момыш ұлын, осы соғыста ерлік көрсеткен

ата-апаларымыздың, әкелеріміздің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз. Олардың

ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. 

 

1 Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен – аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Көрініс: «Сұрапыл соғыстың ел құлағына жетуі».

Ортада    8, 9 сынып оқушылары

 

2 Жүргізуші:

Болдырмауға соғысты

Тойлаймыз біз жеңісті.

Қалалар келіп қалпына

Құлпыра түсті жер үсті.

 

1 Жүргізуші:

Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Біздің ата-бабамыз.

Ән:   «Ақ көгершін» 5-6-7 сынып оқушыларын қарсы

алайық

 

2 Жүргізуші: Құрметті

азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан

қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

1 Жүргізуші:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 

 

2 Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен

Сіздерді Өмір думан, бақ әкелсін

мереке.

1 Жүргізуші:

Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар!

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған

ақын да,

тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да,

мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан

білім, тәлім алған.

 

2 Жүргізуші: Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар,

сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға  қарай

 өрлететін 

Сіздер  ғой  Ұлы  Отанның

болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен  мектебіміздің 

директоры  Уалиева Алма Октябревнаға 

құттықтау сөзі  білдіреді.

 Ән: «Ұландар

күні»  ортада даярлық тобы

 

1 Жүргізуші: Құрметті халайық,

баршаңызды келе жатқан  9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі

мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер

жігіттің  құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі

нақ солардың арқасында!

 

2 Жүргізуші: Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын,

Бітер дәулеттің көл-көсірлігін,

Келер ырыстың ысырап болмауын,

Жүрек гүлінің мәңгі солмауын,

Шаңырағыңа шаттық орнауын,

Тәңірдің шексіз қолдауын

тілейміз!

Ән: «Мәңгі жаса отаным»       ортада 2 сынып оқушыларын қарсы аламыз.

1 Жүргізуші:

Себелдеп жылулығын  жан-жағына,

Ту тіккен алаулаған арманына.

Кеудеде махаббаттың шоғы маздап,

Биіктен биіктерге самға, аға.- деп ақын

ағаларымыз жырлағандай, Мәулен аға , Нұрлан аға және Марат аға  сынды 

алдыңғы буын ағаларымызға таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. 

 

2 Жүргізуші:

Жете бер аңсап күткен

тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп, Мерек

аға , Сүйіндік аға, Мерек аға, Аманбай аға, Аян аға сынды ағаларымызды айтулы

күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!

 Әскери

би: «Катюша»  қыздар биі

 

1 Жүргізуші:

 Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,

Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.

Ризамыз пейіліңе дархан аға,

Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп  Біржан мұғалім, Сырым  мұғалім, Думан мұғалім сынды ұстаздарымыздың

айтулы күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!

 

2 Жүргізуші: Біздің тәуелсіздігіміз

бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп

тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Ән: «Атқа мін». Сахна

төріне 3 сынып оқушыларын шақырамыз.

 

1 Жүргізуші: Бүгінгі

айтулы  қос мерекенің ізін жалғап  отырған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»

балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынын

жалғастыруға рұқсат етіңіздер.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған

Ынтымақтың туын тіккен қастерлім

Орның бөлек сенің бізге қашаннан

 

2 Жүргізуші: «Жас Ұлан», «Жас Қыран»

ұйымына қабылдау салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

  Ендеше,

салтанатты іс-шараның шымылдығын тамаша әннен бастасақ.

Ән: «Байтақ елім»          Наз Нұр Лым триосы

 

Ұланбасы: Бүгінгі

Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жас өспірімдер ұйымына қабылдау

салтанатты жиынына Жас ұландар қатары дайын.

Бүгін ұйымға қабылданғалы отырған жалпы ұландар

саны...6..

Оның ...3 «Жас

Ұлан», ...3 «Жас қыран»

Рапорт тапсырушы:

Ұланбасы Қабылова Шынар.

 

Аға

тәлімгер: Аса Құрметті Алма Октябревна  бүгінгі Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар

мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушылардың қатары сапта дайын.

Рапорт тапсырушы:

Аға тәлімгер Айтмаганбетова Балым Серікқызы

 

1 Жүргізуші:  Ендеше «Жас

ұлан », «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып ұйымның

мақсат,міндеттерімен таныстыра кетейік.

Мақсаты:өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен

өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз

Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

2 Жүргізуші:  

Міндеттері: Қазақ халқының

тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында

рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық

белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар

мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай

жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және

ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық

қасиеттерін дамыту.

 

1 Жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиынның ең

жауаптты сәті, ант тапсыру рәсімінеде келіп жетті.

 

 (Ұланбасы айтады Біз)

1-оқушы / Марат Айару/.

 Өз Отаным – Қазақстан

Республикасының патриоты болуға

 

2-оқушы / Бейіс Ержан/.

 Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

 

3-оқушы / Блял Шерхан/.

 Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

 

4-оқушы / Сансызбай Жігер/.

 Ата-анамды қадірлеуге;

 Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

 

5-оқушы /Уалиев Бауыржан/.

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге.

 

Ұланбасы:Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге

және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

                                АНТ ЕТЕМІН, АНТ

ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

 

2 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар

және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғалы отырған оқушыларға

туымыз түстес көгілдір галстук

және төс белгілерін табыстау рұқсат етініздер.

(Фон музыка ойнап тұрады галстук тағып болғанша)

Ұланбасы : «Біз»

Оқушылар : «Жас Ұлан

Ұланбасы : ұранымыз

Оқушылар : «Қазақстан

– Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет. (Айтып болғансоң)

 

1 Жүргізуші:  Құрметті ,оқушылар «Жас Қыран, »«Жас Ұлан» ұйымына

қабылдануларыңызбен құттықтаймыз!

 Ән: «На

граница» әнімен ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз.

 

2 Жүргізуші:

Ризамын осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

 

1 Жүргізуші:Республикалық

бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты

қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Ән: «Звезда по

имени сольнце»  Сахнамызға Наз Нұр Лым

тобын шақырамыз

2 Жүргізуші: Бұл тоғысқан мерекелер әр кезде де батылдық пен

ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен

адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен

еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.

Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман

болсын деген тілекпен,

 

Қатысушыларымыздың 

орындауындағы «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар!


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: 

Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік,

батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру. Отанды қорғауға,

сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен

аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге,

адамгершілікке тәрбиелеу. 

Жүргізуші


Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе силап қырдың

гүлінен

Бүгінгі ұрпақ – бақытты

ұрпақ атанып

 Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың

сыңары

Жігерменен құштарлықтың

құралы

Күрескердің арманы мен

ұраны

Қуаныш пен мерекенің

бұлағы. 

Қадірменді, аяулы ауылдың ырысы мен берекесін

иіріп отырған қариялар, Құрметті ұстаздар және оқушылар! Баршамызға белгілі 9

мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында

күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген

жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын

боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас

жара салды. 

Биыл міне, сол жеңіске де 73 жыл толыпты. Бірақ,

бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін

ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.

Олай болса, ер жүрек

аталары мен апаларының ерліктерін сипаттайтын, бүлдіршіндеріміздің тамаша

тартуын қабыл алыңыздар.

Даяна: Бұлт түнеріп аспаннан 

Талай көзден жас тамды 

Тұтқиылдан жау тиіп, 

Қырғын соғыс басталды. 


Анель: Жерден , көлден. Аспаннан 

Соқты жауды ел күнде 

Отан үшін от кешіп 

Жақындай түсті Берлинге! 


Замира: Тылдағы ел де ерледі 

Тынымсыз күн-түн терледі 

Ерлердің жоғын білдірмей 

Жауды да жеңіп кел деді. 

Ақерке: Әлия орыс қаласын 

Азат етіп болды мерт 

Ол жеңісті көрген жоқ 

Келді кейін азат күн 


Айару: Пулеметті сөйлетіп 

Қорғады алтын бесігін 

Ұмытпаймыз өрлетіп 

Мәншүк апа есімін 

Аружан: Жаралғандай жалыннан, 

Жайсаң батыр Бауыржан 

Естігенде есімін, 

Жау есінен жаңылған. 


Қуаныш: Жеңіс, алақай жеңіс! 

Жасасын жеңіс 

Болмасын соғыс! 

Болмасын соғыс! 

Болмасын! 


Жүргузіші: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің

апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда

жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі

өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа

келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды,

елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. 

Ән: «Әлия». Орындайтын: Динара


Жүргізуші : Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке

тек ер- азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың

мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп,

күні-түні еңбек даласында аянбай еңбек етті. 

Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған

баласымен қоса, тылда еңбек еткен, ауылымызда аналар да жетерлік. Ендеше

құрметті де аяулы аналар сіздерді де Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! 

Аналар осылайша жүзге жеткін 

Ұл-қызын енді өзіңді еркелетсін 

Әрқашан шаттықтардан орын алып 

Уайымның не екенін білмей өткің! 

Ән : «Ана туралы баллада»

 

Жүргізуші : Балалар

жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында

миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін,

болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында

жеңіс сағатын қолдарына тигізді. 

Жүргізуші :

Талай тарих кезеңдерін өткізіп 

Сырын, жырын заманына шерткізіп.

73 жыл өтті міне зымырап,

Жеңіс күннің даңқын бізге жеткізіп. 


Жүргізуші : 

Алаулап гүл тұрады 

Туған жер құлпырады 

Бейбітшілік болса! 

Түрленіп бақша, бағы 

Тірлік те жақсарады 

Бейбітшілік болса! 

Үйлер де құламайды 

Ешкімде жыламайды 

Бейбітшілік болса! Балалар болады аман Аналар

болады аман Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін

айтпаған. 

Хор : «Әрқашан күн сөнбесін!» 

Жүргізуші : Балалар ендігі жерде соғыстың өзі

түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір

болсын, әрқашан күн сөнбесін деп аспанға бейбітшілік құстарын ұшырайық! Балалар

қолдарындағы қағаз құстармен бұлғап тұрады. 

Жүргізуші: Балалар, біз аға-апаларымыз үшін

қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік

көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта

жаңғыртып отыру- сіздердің және біздердің парызымыз! 

Ешқашанда енді соғыс болмасыншы 

Гүлдері ата-ананың солмасыншы 

Жеңерміз қиындықты қайыспастан 

Тек қана елге амандық орнасыншы Бейбіт болып

әрбір күніміз Береке тола берсін жылымыз Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп Көк

аспанмен түстес біздің туымыз – деп құрметті мекеме қызметкерлері, балалар

осымен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!

Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге

көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп

жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал

азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек

емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі

мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.


Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 


Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр -

Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай

лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбектеріңізге табыс тілейміз отырып алғашқы

құттықтау сөз кезегін  мектеп директоры Уалиева Алма Октябревнаға береміз.


Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді

қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны

арта берсін!

Ғаббас Есенбикенің орындауындағы «Көңіл ашар» күйін қабыл алыңыздар.

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп Альберт аға, Самат аға, Жасұлан аға,

Махамбет ағаларды шын жүректен құттықтаймыз!

Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,

Әнге толсын, күйге толсын кештерің,

Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол соғады барша әріптестерің – деп, сіздердің құрметтеріңізге Жумин Ниязбек

«Қазақ жігіттері» әнін жолдайды. Қабыл алыңыздар!

Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,

Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.

Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,

Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей, Ғарифолла аға, Бақберген аға,

Исатай аға, Еділболат аға мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! 

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Құндыз бен Маржанның

орындауындағы «Тойбастар» биіне береміз.


Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз

әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі

қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт

және бейбіт ғұмыр тілейміз.


Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,

Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.

Ризамыз пейіліңе дархан аға,

Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, Ғабит, Даурен, Руслан, Сағындық сынды

ұстаздарымызды айтулы күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп жас шәкірттеріңіз Хибатова Наргиза өзінің

қыл қобызымен «Арнау» күйін тарту етеді. Қабыл алыңыздар!

Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып

жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен

сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық,

денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.


Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,

Ту тіккен алаулаған арманыңнан.

Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,

Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, Дархан,

Жансерік, Асан, Айбек сынды жігіттерімізге таусылмайтын дәулет, арылмайтын

бақыт тілейміз. 

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада биші қыздар би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда би «Катюша».

Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,

тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған

дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім

алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам

баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен шәкірттеріңіз

Кабир Әсем «Ұстазым» әнін жолдайды.


Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде

келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір

сүруі нақ солардың арқасында!


Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны,

Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз,

болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін

жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш,

жұртымыз аман болсын деген тілекпен, Кабир Әсемнің орындауындағы «Ақ көгершін»

әнін қабыл алыңыздар!

Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да

құтты болсын, ардақты азаматтар!


Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер

ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық

орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.


Сау-саламатта болыңыздар!

1 жүргізуші:

Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын

тіккен 1945 жылғы 9-мамыр – азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні, бұл күн

өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құрамы.

Күрескердің амалы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекесі бұл оның.

2

жүргізуші:

Здравствуйте дорогие друзья, сегодня великий день! День, когда наша страна

выстояла в войне, день, когда мы все безоговорочно победили. Но, к сожалению,

чтобы говорить здесь, сегодня все эти слова, что бы все мы смогли здесь

собраться и праздновать, наша Родина заплатила огромную цену. Цену в сотни

человеческих жизней и судеб.

Мы здесь

не потому, что дата.

Как злой

осколок, память жжет в груди.

К могиле

неизвестного солдата

Ты в

праздники и будни приходи.

Он

защитил тебя на поле боя,

Упал, ни

шагу не ступив назад,

И имя

есть у этого героя —

Великой

Армии простой солдат.

2.     Ұлы

Отан соғысы ардагерлерін қарсы алу.

1

жүргізуші:

Ендеше,

осы қан майданнан оралған біздің Талица ауылының тұрғындарын, ардагер

аталарымызды қошеметпен қарсы алайық.

______________________________________________________________________________

2

жүргізуші:

Давайте все вместе встретим бурнымыи аплодисментами наших ветеранов, прошедших

эту страшную войну.

______________________________________________________________________________

3.     Қонақтарды

таныстыру.

1

жүргізуші:

Бүгінгі

мерекелік жиынға келген құрметті қонақтарымызды таныстыруға рұқсат етініңдер:

______________________________________________________________________________

2

жүргізуші:

Разрешите

представить наших почетных гостей:

______________________________________________________________________________

4.     ҚР

Мемлекеттік Туын шығару рәсімі.

1

жүргізуші:

Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

2

жүргізуші:

Вынести Государственный Флаг Республики Казахстан!

5.    

ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындау.

1

жүргізуші:

Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

2

жүргізуші:

Исполнение Государственный Гимна Республики Казахстан!

6.     Мектеп

директорының құттықтау сөзі.

1

жүргізуші:

Алғашқы

құттықтау сөз мектеп директоры Игентаев Айдынқалы Игентайұлына беріледі.

2

жүргізуші:

Слово для поздравления преодставляется директору школы Игентаеву Айдынкалы

Игентаевичу.

7.     ҰОС

ардагерлерін «Жас Ұлан» қатарына қабылдау.

1

жүргізуші:

Құрметті

ардагерлерді «ЖасҰлан» қатарына қабылдау рәсіміне кезек беріледі.

2

жүргізуші:

Церемония посвящения наших ветеранов в ряды «ЖасҰлан».

8.     Құттықтау,

гүл сыйлау.

9.     Әскери

әндер шеруі.

1

жүргізуші:

Ардагерлеріміздің

назарына мектеп оқушыларының әскери әндер шеруін ұсынамыз.

2

жүргізуші:

Предлагаем вниманию наших ветеранов парад строевой песни в исполнении

учащихся школы.

10. ҚР

Мемлекеттік Туын еңгізу рәсімі.

1 жүргізуші:

Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік Туы еңгізілсін!

2

жүргізуші:

Внести Государственный Флаг Республики Казахстан!

11.

Ардагерлерді ескерткішке шақыру.

1

жүргізуші:

Құрметті

ардагерлер! Сіздерді ескерткіш басына гүлшоқтарын қою рәсіміне шақырамыз!

2

жүргізуші:

Уважаемые ветераны! Приглашаем Вас к памятнику для возложения цветов.

12.

Венок қою рәсімі.

13. 1

минут үнсіздік жариялау.

1

жүргізуші:

Қан

майданнан оралмаған жерлестеріміздің құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланады!

2

жүргізуші:

Объявляется минута молчания в память землякам, не вернувшихся с войны!

14.

Ардагерлердің ескерткішке гүлшоғын қою.

15.

Мектеп ішіне шақыру.

1

жүргізуші:

Мерекенің

2-ші бөлімін тамашалауға мектеп ішіне шақырамыз!

2

жүргізуші:

Для проведения 2-ой части нашего мероприятия приглашаем всех в здание

школы!

ІІ.

Екінші бөлім: сахналық көріністер.

1.

Оқушылардан шынайы дәліз ұйымдастыру.

2.

Ардагерлерді құрметті орындарына отырғызу.

3.

Сахналық көріністер:

1)

«Бейбіт өмір, соғыстың басталуы»;

2)

«Соғысқа аттану»;

3)

«Соғыс алаңы: Москва үшін шайқас»;

4)

«Соғыстағы демалыс»;

5)

«Жеңіс күні».

4. Хор

«День Победы» (мектеп оқушылары)

5.

Құттықтау сөздер.

1

жүргізуші:

Келесі

сөз кезегін біздің ардагерлеріміз бен қонақтарға беріледі.

2

жүргізуші:

Слово предоставляется нашим ветеранам и гостям.

а) Соғыс

ардагері: ________________________________________________

ә)

Ардагер ұстаз: __________________________________________________

б)

Әкімшілік: ____________________________________________________

в)

Қонақ: _______________________________________________________

г)

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: ……

6.

Мерекелік дастарқанға шақыру.

Отан қорғаушылар және

Жеңіс күніне 70 жыл

арналған сценарий

 

Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст